Атырау, 29 қыркүйек 06:35
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Грузия парламентінде депутаттар Украинаға байланысты сұраққа келіспей, төбелесіп қалды

1 446 просмотра
Бүгін Грузия парламентінің жалпы отырысында Украинадағы жағдайға қатысты мәселені қарау кезінде оппозиция мен көпшілік депутаттар жанжалдасты, деп хабарлайды Telegraf.by.
Кикілжіңге оппозиция депутаты Георгий Барамидзенің Киевтегі бейбіт шеруді күшпен таратуды айыптап, Украинаның еуроинтеграцияны жақтаушыларына қолдау көрсету жөніндегі қаулы қабылдау туралы ұсынысы себеп болған.

Бұған қарсы бұрынғы Бірыңғай ұлттық қозғалыс партиясының депутаттары 2007 және 2011 жылғы митингіні күшпен таратуға саяси баға беру жөнінде мәлімдеме жасайды.

Сөз таластың артты төбелеске айналғанымен одан ешкім зардап шекпеген.

Оппозиция өкілдері осы оқиғадан соң парламенттегі көпшілік депутаттарға көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті. Егер бұл талап орындалмаса оппозиция депутаттары парламент отырысына қатысудан бас тартпақ.
 
Дереккөз: bnews.kz
12 желтоқсан 2013, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.