Атырау, 21 желтоқсан 10:20
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 391 просмотра

Париж бен Манчестерге ұпай үшін барады

Астанада таэквондодан Қазақстан чемпионаты өтті.

Атырау спортшылар арасында Гульнафиз Айтмұхамбетова (73 келіге дейін) және Рысжан Ибатова (49 келіге дейін) ел чемпионы атанды. Күміс жүлдегерлер – Әнуар Насихатов (80 келіге дейін) жәнеҮмбет Шакиев (87 келіге дейін), қола - Амантұр Табылдиев (63 келіге дейін), Дастан Мұратов (74 келіге дейін), Мөлдір Нұрбергенова (67 келіге дейін) және Бибігүл Нұрғалиева (57 келіге дейін). Қорытынды есепте облыс құрамасы Алматы қаласы мен Жамбыл облысынан кейін үшінші орын алды.

Спортшыларды бапкерлер М.Қабдрашев, Н.Дүйсембаев, Б.Төребаев, А.Тоқтабаев, Б.Есдәулетов, А.Аманқұлов және А.Нұржанов дайындады.

Сонымен қатар, таэквондошылар 2016 жылғы Олимпиада Ойындарына жолдама алу үшін рейтингтік ұпайлар жинап жатыр (осы жылдан бастап тэквондода дзюдо сияқты лицензиялық турнирлерді алып тастады, Олимпиадаға ең көп рейтингтік ұпайлар жинаған спортшылар барады). Желтоқсанда Гүлнафиз рейтингілік ұпай жинау үшін Манчестерде өтетін Гран при сериясы турниріне қатысса, Рысжан Парижде өтетін Францияның ашық чемпионатына барады.

***

 

«Алтын» Азамат

Қостанайда өткен еркін күрестен Қазақстан кубогында атыраулық палуан Азамат Өміржанов (жаттықтырушысы Марат Жанғалиев) 66 келіге дейінгі салмақта үздік нәтиже көрсетті.

Бір қуанарлығы, Азамат осымен екінші рет Қазақстан Кубогын иеленіп отыр.

Мақат күрес мектебінің түлегіАйдарбек Баймұратов финалға дейін шығып, ақтық сында оралдық палуанға есе жіберіп қойды. Айдарбекті әкесі КСРО спорт шебері Сембай Баймұратов жаттықтырады.

***

Құрмет тақтасы

«Мұнайшы» спорт кешенінде дойбыдан қалалық турнир өтті.

Жарыс үш жас санатында екі микро матчтан тұрған 7 турдан өтті. Қорытындысында ерлер арасында мүмкін болар 14 ұпайдан 13 ұпай жинаған кәсіпкер Берік Молдаш жењімпаз атанса, 2-ші және 3-орындарды, сәйкесінше, мұнайшы Болат Көшенов пен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтыныњ студенті Айбек Мақсот жењіп алды. Әйелдер арасында жењіс тұғырына (1, 2, 3-орындар) келесілер көтерілді: Оњайша Әбуталиева, Бибігүл Жақыпова және Надира Аманова; жасөспірімдер арасында - Наурызбек Тауташев (№31 орта мектеп), Қайсар Дәулетов (Еркінқала) және Нұрбол Шұғаев (Балықшыдағы Абай орта мектебі); қыздар арасында - Нұргүл Жамбырбаева (№31 орта мектеп), Нұршат Серікқызы (Ақжар) және Ғайни Әлжанова (№31 мектеп); ер балалар арасында - Диас Қартанов (№20 орта мектеп), Дінмұхамед Моллақанағатов (№6 орта мектеп) және Елхан Теміржанов (Ақжар), қыздар арасында - Торғын Салкенова (Еркінқала), Жанбала Тұрлыбекова (Еркінқала) және Әнел Жайжанова (Т.Амандосов атындағы мектеп).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

 

***

Үштікке де кіре алмады

Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дің «Жайық» спорт кешенінде ерлер арасында үстел теннисінен командалық Қазақстан Кубогы өтті.

Жарыстың бас төрешісінің орынбасары Риза Мамутовтың айтуынша, құрамында Владислав Тен, Айбек Қайыралиев, Иван Усачев, Орынбек Нұржанов және Роман Шушаков сынды теннисшілері бар облыс құрамасы жақсы деңгейде өнер көрсетті, алайда жиналған ұпай саны жүлдегерлер қатарына ілігуге жетпеді. Кубокқа 12 команда қатысты. 1-орынды Алматы командасы, 2-орынды Шығыс Қазақстан облысы, 3-орынды Астана командасы иемденді.

Жарысты ұйымдастырушы-лардың айтуынша, келесі жылы «Атырау Опен» халықаралық турнирін өткізу жоспарлануда.

 

***

«Атыраудың» алғашқы оқу-жаттығу жиыны

5 желтоқсанда «Атырау» командасы алғашқы оқу-жаттығу жиынынын бастады. Ол клубтыњ жеке базасында өтуде.  

Жиын 29 желтоқсанға дейін созылады және оған 35 футболшы шақырылған. Бұрынғы құрамнан командада Андрей Шабанов, Валентин Чуреев, Ренат Абдуллин, Денис Родионов, Айбар Нұрыбеков, Бейбіт Татишев, Алексей Щеткин және Георги Пейкришвили қалды. Сонымен қатар, «Атырауға» өткен маусымда «Каспий» (Ақтау) командасында жалға алу тәртібімен өнер көрсеткен 22 жасар Азамат Ізбасаров кері оралды.

Команда құрамында өнер көрсетуге үміткерлер ретінде қазақстандық футболшылар мен Ресей, Украина және Белоруссия алањдарында ойнаған футболшылар келеді деп күтілуде.  

- ¤ткен маусымда 1999 жылы туған шәкірттері Қазақстан чемпионы болған жергілікті маман - Қуаныш Қабдолов бапкерлер штабында жұмыс жасайтын болады, - дейді «Атырау» ФК директоры Асылбек ЖҮНТЕРБАЕВ.

«Атырау» ФК баспасөз қызметініњ мәліметтері бойынша, клубтыњ ойыншылар мен бапкерлер алдында өткен маусымға қатысты қарыздары жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

12 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.