Облыстық әділет департаментінде облыстық дін істері басқармасы жанындағы ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Артур АЙТМАҒАМБЕТОВПЕН және басқарманың теологы Ерғали АЛПЫСБАЕВПЕН кездесу өтті.
Кездесуде қоғамды жайлап бара жатқан діни экстремизмге қарсы күресті дұрыс жүргізу, күрестің дінмен күреске айналып кетпеуі тиістігі айтылды. Кездесу барысында Иманғали мешітінің наиб-имамы Нұрлан РАМАЗАНОВ пен теолог Е.Алпысбаев жиналғандардың сұрақтарына жауап бере отырып, ислам дінінің қағидалары мен Қазақстан мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабы туралы мағлұмат беріп өтті.
- Исламның қалыптасқан 4 мектебі бар, соның ішінде біздер Әбу Ханифа қалыптастырған, біздің ата-бабаларымыз ұстанған ханафи мазхабын ұстанамыз, - деді Е. Алпысбаев. - Мазхаб ұстануды жоққа шығару – жат ағымдардың мүддесі, мақсаты.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА