Атырау, 26 қараша 14:42
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Вокзалдағы жағдай

2 203 просмотра

Құлсары қаласының таксистері қараңғы түскен кезде және лайсаң күндері Вокзал ықшам ауданына барудан бас тартады.

Ықшам ауданда 20 екі қабатты тұрғын үй және 150 шақты жер үй бар.

Мұнда да «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде ауыз су құбыры жүргізілгенімен, әлі іске қосылмаған. Жергілікті билік келесі жылы іске қосылады деп уәде берген. 

- Ауыз су сағаттап беріледі, жылу мәселесін өзіміз шешіп алғанбыз. Бізді қинап тұрғаны – кәріз жүйесі. Кәріз құбырлары әбден ескірген, тесілген. Кәріз суы жертөлеге кетіп жатыр. Сасық иістен тыныстау мүмкін емес. Амалсыздан шыдап келеміз. Ал жазда тұншығып қала жаздаймыз. Тұрмыстық қоқыстар да уақытында жиналмайды (суретте), - дейді Дәмеш ТАСБОЛАТОВА.

Тағы бір күрделі мәселе - аудандағы дәрігерлік амбулаторияның жоқтығы. Сол себепті, тұрғындар медициналық көмекке жүгіну үшін алты шақырымдық жердегі Қамыскөл шипажайында орналасқан амбулаторияға баруға мәжбүр.

Біз Вокзал ықшам ауданы проблемаларына қатысты жағдайды білу үшін телефон арқылы хабарласқан Жылыой ауданы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары Бауыржан ТҰХФАТОВТЫҢ жауабы түсініксіз болды:

- Вокзал дейсіз бе... Тап қазір ештеңе айта алмаймын, кейін хабарласыңыз. 

Бұдан кейін де әкім орынбасарынан ықшам аудан тұрғындарын қуантарлық ештеңе ести алмадық.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.