Атырау, 26 қараша 14:45
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Іс бітті, қу кетті»

2 104 просмотра

Құлсары қаласындағы бес жыл бойына салынған 75 кереуеттік өкпе аурулары ауруханасы осыдан небары екі жыл бұрын пайдалануға берілген болатын. Алайда, бұл медициналық мекеме қазірдің өзінде жөндеуді қажет етіп тұр.

Аурухана қаладан үш шақырым жерде орналасқан. Оған келушілер автобуспен қатынайды. Айдалада ықтасын болар аялдама төңкеріліп жатыр. Ал суық жел өңменіңнен өткенде, көлік күту азапқа айналады.

Аурухана құрылысына 1 млрд 676 млн теңге жұмсалған болатын. Бірақ жұмыс сапасы бұл қыруар қаржыға ешқандай да сәйкес келмейді. Аурухана ғимаратының қабырғалары шытынап, сылақтары түсіп жатыр. Ортасындағы қаланған кірпіштері көрініп тұр. Ал аурухана әкімшілігі бұл кемшіліктердің жақын арада орын алғанын айтып, ақталады.

Жылыой ауданы өкпе аурулары ауруханасының бас дәрігері Ғалия ҚАЛИЕВА:

- Қатты желден кейін сыртқы сылақтар осы күзде түсе бастады. Алайда біз енді бұл кемшіліктерді жоюды аурухана құрылысын салған мердігер компания «Сенім» ЖШС-нен (директоры Сайын БАЙЗАҚОВ) талап ете алмаймыз. Өйткені оның кепілдік мерзімі осы жылдың тамызында бітіп кетті.

- Енді бұл келеңсіздіктерді жою кімнің міндетіне жүктеледі?

- Біз қаржы сұрап, облысқа хат жазып отырмыз. Егер қаржы бөлінсе, онда ғимараттың сырты қайтадан жөндеуден өтетін болады. Бірақ мұны сенімді түрде айтуға болмайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.