Атырау, 26 қараша 14:40
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

"Өрмекші-адамды" құтқару операциясы (Фотосуреттер)

2 198 просмотра

10 желтоқсанда шамамен кешкі сағат 7-де «Мұрагер» базарының жабық павильонында жас жігіт терезені сындырып, сыртқа шықты – бірақ 4-қатар екен. Ол жан дәрмен терезе жақтауына жармасып, құтқарушылар келіп түсіргенше, сол жерде ілініп тұрды.

Облыстық ІІД баспасөз орталығының басшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, бақытсыздық жағдайға душар болған жігітті құтқаруды облыстық ТЖД қызметтері жүзеге асырды. Құтқарушылар төртінші қатарға дейін саты жіберіп, байғұс бала сатымен жерге түсті. Жерде оны полиция қызметкерлері "күтіп алды".

Кейіннен анықталғандай, ұсталған жігіт Лесхоз ықшамауданының 24 жасар тұрғыны екен. Наркологиялық диспансер мамандарының қорытындысы бойынша, оның есірткі мен алкогольдік ішімдікті пайдаланғаны анықталды. Тыныштық бұзушы уақытша қамау орнына жөнелтілді. Ұсталушы қылығын өзіне өшіккен бірнеше адамдар артымнан қуды деп түсіндіреді. ҚР ӘҚтК-нің 330-бабы бойынша («Ұсақ басбұзарлық») іс көтерілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 желтоқсан 2013, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.