Атырау, 24 қараша 00:46
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Обаманы уламақ болған актриса өз кінәсін мойындады

1 682 просмотра
АҚШ президенті Барак Обама мен Нью-Йорк мэрі Майкл Блумбергке рицин улы ұнтағы салынған хатты жіберді деген айыппен ұсталған техастық актриса Шэннон Ричардсон өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды ВВС.

 Ол өзіне белгіленген шекті жазаны 18 жылға қысқарту үшін тергеушілермен келісімге келген.

Прокурорлардың айтуынша, «Қансорғыш күнделігі» мен «Тірі өліктер» телехикаяларына түскен актриса Ричардсон улы хат жолдаған өз қылмысын ажырасу туралы өтініш білдірген күйеуіне жаба салмақ болған.

АҚШ президенті мен Нью-Йорк мэріне жолданған өмірге қауіпті хаттар осы жылы мамыр айында адресатқа жетпес бұрын ФТБ қызметкерлерінің қолына түскен.

Дереккөз: bnews.kz

11 желтоқсан 2013, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.