Атырау, 15 мамыр 01:13
 ашықВ Атырау +19
$ 506.21
€ 568.42
₽ 6.30

«Жер» ісі

2 821 просмотра

Облыстық қаржы полициясы департаменті қалалық әкімдіктің жер қатынастары бөлімінің басшысына қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы туралы хабарлама таратты.

«Атырау облыстық қаржы полициясы департаменті «Атырау қаласының қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы азамат С-ға және ММ-нің басқа лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-тармағы («Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану») бойынша қылмыстық іс қозғады,- делінген баспасөз хабарламасында. – Олар пайда табу мақсатында лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланып, Атырау қаласының Балауса ықшамауданындағы бөлінбейтін жалпы алаңы 0,9720 гектар жер телімін 12 дербес жер телімдеріне бөлу туралы шешімге заңсыз қол қойған. Кейіннен осы учаскелерді азамат И. сыйға тарту келісімшартының негізінде басқа жеке тұлғаларға берген. Тергеу жүргізілуде».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 желтоқсан 2013, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.