Атырау, 25 қараша 11:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытайдағы қазақ жауһарлары

6 425 просмотра

Қытайдың Үрімші қаласында жергілікті Қазақ өнер орталығының бастамасымен ұйымдастырылған қазақстандық суретшілердің бірінші көрмесі өте нәтижелі өтті.

Орталықтың және Үрімші академиясының шақыруымен Қытайға Қазақстан суретшілер одағы мүшелерінен делегация барды, араларында Атырау облысының өкілі Камилла ЖАПАЛОВА (суретте) да бар. Қытайда тұратын бауырластарымыздың ұлттық қолөнердің құпияларын сақтап, асқан шеберлікпен халықтық құрал-саймандарды жасап, киіз басып, түксіз кілем тоқып, ескі әндерді құйқылжыта айтатыны баршаға белгілі. Олар тарихи отандарының тұрмыстық салт-дәстүрлерін де қатаң сақтаған, мәселен, күні бүгінге дейін майды қолмен былғап, ұлттық тағамдарды әзірлейді. Осылардың барлығы суретшілер туындыларында өз көрінісін тапқан. Күріш қағазға түсірілген нәзік акварельдер, пейзаждар мен портреттер – Қытайдағы қазақ шеберлерінің мықты жақтары.

Қытайлық әріптестер батиктен жасалған суреттерге аса қызығушылықпен назар аударды – олар бұл сурет салу техникасын меңгермеген екен. Камилла Жапалованы өнер академиясының студенттеріне шеберлік дәрісін өткізуге шақырды.

- Қытайда өнерге ерекше мән береді, мәселен, арғы тегі қазақ .....есімді суретші елдің асыл қазынасы ретінде құрметтеледі екен. Жолымыз болып, онымен кездесудің сәті түсті, ол көрменің ашылуына келіп, бізге өзінің төрт тілде басылған көркем сурет кітабын сыйға тартты. Көрме аясында өткізілген семинарға 40-тан аса жергілікті суретшілер қатысты. Олардың қызығушылықтары мені қатты таңғалдырды, бізге сан алуан сұрақтар қойды: Қазақстанда суретшілер қалай тұрады, мемлекет қандай қолдаулар көрсетеді, жұмыстары қалай жарыққа шығарылады деген сауалдар жаудырды, - дейді К. Жапалова.

Көрмеге қатысқан Қазақстан суретшілер одағының басшылығы қытай суретшілерімен әріптестіктің өз жалғасын табатынына сенімділіктерін білдірді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.