Атырау, 23 қараша 13:58
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әулие Луканың қайта оралуы

2 120 просмотра

7 және 8 желтоқсанда Атырау қаласындағы Успения Божией Матери шіркеуіне православиялық әулие Лука Крымскийдің мүрдесі келеді.

Шіркеу басшысы Михаилдың айтуынша, мүрдені Орал және Гурьев архиепископы Антоний алып келеді және ол осы жерде архиерлік құлшылық өткізеді.

Әулие Луканы Орыс православиялық шіркеуі «2000 жылғы тамыз айында жалпышіркеулік құрмет көрсетілу үшін ресейлік әулиелер қатарына жатқызды». Ол белгілі хирург және Қырым епархиясының архипастыры болды. Архиепископ Лука саяси репрессияның құрбаны болып, 11 жыл айдауда болды. 2000 жылдың сәуірінде ақталды.

«Лука әулиенің аруағы арқасында адамдардың ауру-науқастарынан арылғандығын растайтын көптеген куәліктер бар, - дейді шіркеубасы. – Құлшылық ету рәсімі сенбі күні 8.30-да және 16.00-де, жексенбі күні 8.30-да басталады».

Анастасия ПАСТУХОВА

5 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.