Атырау, 26 қараша 14:51
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Меценаттар балы

3 756 просмотра

«Байкеновтер» балет студиясының жетекшісі Гүлсина БАЙКЕНОВА«Байкеновтер» балет студиясының жетекшісі Гүлсина БАЙКЕНОВА29 қарашада Атырауда бірінші рет меценаттар балы өтті. Енді облыс өз қаһармандарының есімдерін білетін болады: атыраулық 10 қайырымдылық жасаушыға Алматы монета сарайында арнайы басылған «Жыл меценаты» медальдары тарту етілді.

-Меценаттық қозғалыстынасихаттау мақсатында біз өткен жылы да осындай шара өткізбекші болғанбыз, - дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әлия ҚЫСТАУБАЕВА.Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында лот ойналып, ұйымдастыруды «Ұлт бірлігі жастарда» жастар қоғамдық бірлестігі өз қолына алды. Олар жыл ішінде ақпараттар жинап, міне, бал өткізіп отыр. Бұл дәстүрлі шараға айналады деп үміттенеміз.

Кейін анықтағанымыздай, номинанттар тізімі облыстық әкімдік басқармасының ұсынысымен ғана жасалыпты. Бастама жаман емес, алайда, менің жеке пікірімше, жас ұйымдастырушылар тек тапсырыс берушіге ұнағандармен шектелмей, өздерінің ақпарат алу көздерін кеңейткені артық болмас еді. Алайда, бұл жерде «кім төлесе, музыкаға сол тапсырыс береді» қағидасы жүрген болар.

Қалай дегенмен де, марапатталғандар еш күмәнсіз лайықты адамдар, көпшілігі қала мен облысқа кең танымал тұлғалар. Сонымен «Жыл меценаты-2013» медаліне ие болғандар:

1.Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры Нұрлы ӘЙТИЕВА – геология саласындағы мамандарды дайындауға қосқан үлкен үлесі үшін марапатталды. Нұрлы Тельманқызы оқу орнының құрылтайшысы ретінде 10 жылдан бері жетімдер мен мүгедектерге мұнай саласында тегін білім алуға мүмкіндік тудыруда.

- Биылғы жылы біз 12 студенттің оқуға түсуін қаржыландырдық, - дейді Әйтиева. Оның айтуынша, колледж құрылтайшыларының оқу гранттарымен оқығандар саны 50-ден асыпты.

2. ««Болашақ-К» клиника-диагностикалық орталығы» ОФ-тың директоры Жібек БИСЕНОВА. Елімізде бірінші рет қоғамдық жұмыс ретінде «Болашақ-К» клиника-диагностикалық орталығының балалар бөлімін ашты, бұл жерде мүмкіндіктері шектеулі жастар тегін ем ала алады.

3.«Әлішер» ЖШС-нің бас директоры Саламат ТӨЛЕУОВ – боксты дамытуға және Атырау облыстық бокс федерациясына қаржылай қолдау көрсеткені үшін марапатталды.

4. Д. Нұрпейісова атындағы Халық аспаптары академиясының директоры Гүлнәр СӘДУАҚАСОВА– ұлттық салт-дәстүрді жандандыруға және халық шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін.

5. «Өнерпаз» ЖШС-нің бас директоры Әлия БЕКҚОЖИЕВА– мектеп кітапханаларының кітап қорына қолдау көрсеткені және архитектуралық құны бар ғимараттарды қайта жаңғыртуға қолғабыс білдіргені үшін.

6.«Ақ желкен» шығарма-шылық орталығының директоры Нұрберген ДӘУЛЕТОВ – ұлттық мәдениет және өнерді сақтау мен насихаттаудағы, ұмытыла бастаған қолөнер түрлері шеберлерін немесе ата кәсіпті жалғастырушы олардың ізбасарларын іздеудегі белсенді қызметі үшін.

7. «Байкеновтер» балет студиясының басшысы Гүлсина БАЙКЕНОВА– Атырауда, соның ішінде, мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында балет өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін. Байкенова атыраулық арбашы-мүгедектерді республикалық «Танцы на колесах» чемпионатына дайындады және сол жақтан бишілеріміз алғашқы кубокты олжалап қайтты.

8. «ТенгизНефтеСтрой» ЖШС-нің бас директоры Төкен ЖҰМАҒҰЛОВ– Қызылқоға аудандық ауруханасының материалдық-техникалық базасын жақсартуға көмектескені үшін.

9. «Қамыскөл» қонақ үйі» ЖШС-нің бас директоры Әлімжан БАЛЖІГІТОВ– Құлсары қаласындағы аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын жақсартуға қосқан үлесі үшін.

10. «ҚазТрансОйл» БФ АҚ-тың бас директоры Фердинат МАМОНОВ – Атырау облысы аумағындағы мәдениет нысандарын қайта жаңғыртуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Қазіргі уақытта оның көмегімен Атыраудағы өнер музейі жөнделуде.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

5 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.