Атырау, 6 мамыр 08:01
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Шекара қызметінде қылмыс көп

4 617 просмотра

Ақтөбе гарнизонының әскери сотымен осы жылдың он бір айында бес қылмыстық іс қаралды.

Батыс аймағы әскери прокурорының көмекшісі Алғатай НҰРҒАЗЫҰЛЫНЫҢ айтуынша, қаралған істердің басым бөлігі шекарашыларға қатысты болып отыр. Мәселен, 6 шілде күні ҚР ҰҚК ШҚ 2016 әскери бөлімінің оқу орталығы басшысының орынбасары, капитан Т. қатардағы жауынгер С-ң жүргізген тазалық шарасына көңілі толмай, бетінен келіп соққан.  

ҚР ҚК-нің 380-1-бабының 2-бөлімінің «а» тармағы бойынша («Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану») кінәлі деп танылды.

Осыған байланысты әскери қызметшілердің арасында жарғы-лық қарым-қатынастар, сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстың алдын алу немесе анықтау мақсатында Атырау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелерде арыздар мен хабарламалар үшін арнайы жәшіктер орнатылып, Батыс аймағы әскери прокуратурасы әскери бөлімдер мен мекемелер басшылығымен бірігіп, Атырау гарнизонының барлық әскери органдарында өздерінің байланыс деректерін таратты. Әскери қызметшілер өздеріне қатысты құқықбұзушылықтар туралы 27-14-63, 75-59-01 сенім телефондарының нөмірлері және 7121508@prokuror.kz электронды поштасы немесе 8 771 505 85 81 ұялы байланыс нөмірі арқылы хабарлай алады.

Айнұр САПАРОВА

5 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.