Атырау, 6 мамыр 12:57
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

5 желтоқсан. бұл күні...

1 270 просмотра

…2003 жылы атыраулықтар теледидар алдында: жергілікті әнші Ирина КОТЛЯРОВА «SuperStar.kz» байқауында жерлестерінің СМС-тері арқасында екінші турға өтті. 

***

…2004 жылы маршрутты такси (газельдер) жүргізушілері жолақыны 30 теңгеге көтеруді талап етті. Қалалық билік жүргізушілер талабына құлақ аспастан, жолақы құнын бұрынғы 20 теңге күйінде қалдырды.

…«Поле чудес» ойынына қатысу үшін Мәскеуге жерлесіміз Сәуле БИСЕНОВА аттанды. Сол кездегі қала әкімі Манас Тасыбаев демеушілерді тартып, Сәулеге билет пен Якубовичке сыйлықтар алып берді. 

***

…2006 жылы қаланы шулатқан «инені ұмытып кету туралы» қылмыстық іс жабылды. Облыстық перзентхананың оташысы мен медбикесі кесіп алу отасы кезінде ананың денесі ішіне инені ұмытып кеткен. Прокурорлардың мәлімдеуінше, тараптар келісімге келген.

***

…Атырауда ойын бизнесі жабылды.

***

…2008 жылы Индер ауданы Жарсуат ауылында қасқыр үш бала мен бір ересек адамды жарақаттады.

5 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.