Атырау, 21 желтоқсан 10:14
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 045 просмотра

Назгүл үшін жемісті жыл

21 жасар атыраулық дзюдошы Назгүл Құбашева (суретте) Өскеменде өткен Қазақстан чемпионатында «алтын» иеленді.

Жалпы өтіп бара жатқан жыл талантты спортшы үшін сәтті болды: 2013 жылы командалық Азия чемпионатында «қолаға» қол жеткізсе, Ташкентте болған «Гран-При» сериясындағы халықаралық турнирде де «қола» иеленді. Сонымен қатар, Қарағандыда өткен Қазақстан чемпионатында (21 жасқа дейін) алтыннан алқа тақты. Міне, енді Өскеменде табысқа жетіп отыр. Қазір Назгүл жаттықтырушысы Жандос Қияновпен бірге (1-ОРМБЖСМ) қарқынды жаттығуды жалғастыруда. Оның алдында тағы бір маңызды жарыс – Инчхонеде (Оңтүстік Корея) болатын Азия ойындары күтіп тұр.

Сурет Ж. Қияновтікі

***

 

Қиындықпен келген қола

Санкт-Петербургте спорттық және әскери самбодан өткен әлем чемпионатында атыраулық спортшы Әсет Әлдешев қола медаль ұтып алды.

Жарыстарға 70 елден 550 самбошы қатысты, сондықтан бәсекелестік өте жоғары болды. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында үш атыраулық – Жаңылсын Көптілеуова, Рүстембек Жереншиев және Әсет Әлдешев болды. Жаңылсын мен Рүстембек жақсы өнер көрсетсе де, жүлделерге жете алмады, ал Әсет құрмет тұғырына көтерілді. Ол Белоруссия мен Венесуэланың өкілдерін ұтып, жартылай финалда 2 дүркін әлем чемпионы, ресейлік Виталий Стишакқа есе жіберді. Ал үшінші орын үшін айқаста Әзірбайжан құрамасының мүшесін қапы қалдырды. Ж. Көптілеуова мен Ә. Әлдешев 1-БЖСМ шәкірттері болса, Р. Жереншиев – облыстық джиу-джитсу федерациясының шәкірті.

***

 

Самбо мерекесі

1- БЖСМ-де 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында Тұңғыш президент күніне арналған самбодан облыс біріншілігі өтті.

Жарысқа Атырау қ., Индер, Махамбет және Исатай аудандарынан жас палуандар қатысты. Жеңімпаздар мыналар: 27 келіге дейін - Жандос Маху, 30 келіге дейін - Диас Ізмұхан, 34 келіге дейін - Абылай Құлман, 38 келіге дейін - Асқар Есбосынов, 42 келіге дейін - Әбілхайыр Хайруллин, 46 келіге дейін - Батырлан Әсет, 50 келіге дейін - Айбек Әбдіров, 55 келіге дейін - Жасұлан Әубекеров, 60 келіге дейін -  Равиль Қабсалымов, 66 келіден жоғары - Ерасыл Әлжанұлы.

***

 

Барыстар Ригада

Латвияның астанасы Ригада өткен Еуропа жасөспірімдер баскетбол лигасының 1-турында «Атырау Барыстары» балалар командасы 2-орын алды.

Жас «барыстар» «Калева» (Таллин) командасын 91:50, «Хито» (Котло-Ярва) ұжымын 65:59, «Риганы» 61:59 есебімен ұтты. Ал «Спартак» (Владивосток) командасынан 50:59 және «Спарстан» (Вентспилс) 41:44 есебімен ұтылып қалды. Қорытындысында «Спарс» бірінші орын алды, біздікілер екінші орында. «Барыстар» құрамынан Ілияс Жүнісов (политколледж) үздік ойыншы атанды. Лиганың ақтық туры келесі жылдың басында Варшава қаласында өтеді.

***

 

Жас алыптардың жетістігі

Облыстың ауыр атлетикадан жасөспірімдер құрамасы Оралда өткен қалааралық турнирде сәтті өнер көрсетті.

Командақұрамында (жақша ішінде қос сайыс қорытындысы бойынша салмақ) келесілер көзге түсті: «алтын» – Бекзат Нұрмаханов (Мақат, 110 кг), Асылхан Бекешев (140 кг), Фархад Серікқалиев (165 кг); «күміс» – Руслан Айтқожин (62 кг), Батырхан Жайылым (135 кг), Айбек Қабдоллаев (145 кг); «қола» – Мейірбек Амантай (130 кг). Жас алыптарды ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы И. Мырғамбаев (1-БЖСМ) және бапкер К. Досахаева (Мақат аудандық БЖСМ) дайындады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.