Атырау, 26 қараша 12:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қысқы балық аулаудыңерекшеліктері туралы

3 399 просмотра

Қараша аяқталып, Жайық өзенін мұз құрсайтын кез де келді. Әуесқой балық аулаушылар үшін арнайы өкілетті органның рұқсаты қажет болмайтын мұз астынан балық аулау маусымы басталады.

Балық аулау ережесі өзгеріссіз қалды: 5 қармақтан аспауы керек, 5 келі балыққа дейін тегін болады, кәсіпшілік емес балық аулау құралдары болу қажет. ММС поселкесінен бастап Атырау облысының аумағының шеңберінде балық аулауға рұқсат етіледі.

Әуесқой балық аулаушыларға қысқы уақытта бірқатар шектеулер болатынын еске саламыз. Бұлар тыйым салынған күндер - әр аптаның сейсенбісі мен сәрсенбісі, сонымен қатар төмендегі Жайық өзенінде балық қыстайтын шұңқырлардан балық аулауға тыйым салынған:

Буровиков поселкесіне қарсы, Бугорки балық аулау учаскесінен 1,2 шақырымға жоғары;

Теңдік поселкесіне қарсы;

«АтырауСуАрнасы» су тоғанының маңы, Бірінші учаске;

ОСВОД-қа (судан құтқару қызметіне) қарсы;

АМӨЗ су тоғанына қарсы.

Атырау балық қорғау инспекциясының мамандары ихтиофаунаның сандық және сапалық құрамын анықтау үшін әуесқойлықпен балық аулау барысына мониторинг жүргізеді, сонымен қатар Жайықтың жағалау бөлігінің санитарлық ахуалына бақылау жасайды. Осыған байланысты Атырау қаласының тұрғындарынан өзен жағалауын қоқыспен ластамауды өтінеміз.

А.Зұлқарова, Атырау балық қорғау инспекциясы бөлімінің бас маманы 

5 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.