Атырау, 26 қараша 14:39
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жұртта қалған алты отбасы

2 203 просмотра

ҚұлсарыҚұлсарыҚұлсары қаласы әкімінің орынбасары Еркебұлан АҚҚҰСОВТЫҢ ақпаратына сәйкес, Ұ.Абдрахманов көшесіндегі 64 пәтердің тұрғындары уақытша баспанаға көшті. Алайда, 6 отбасының бұрынғы пәтерлерінде тұрып жатқаны белгілі болды.

Ұ. Абдрахманов көшесіндегі сегіз үйдің тас-талқаны шыққан: есік, терезелері жоқ, ішкі қабырғалары қиратылған. Газ тұрбаларының кей жерін демонтаж жасаған.

Құлсары қаласының әкімдігі газ, электр көзі, су 10 қарашадан бастап ажыратылады деген хабарландыру ілген болатын. Сол кезден бастап тұрғындар уақытша үйлерге көше бастады. Ал 6 пәтер тұрғындары және аталған 2 дүкен иелері кейін бұзылған үйлердің орнына салынған жаңа үйлерге көшесіңдер деген үшжақты келісімшарт жасалмайынша, көшпейміз деп отыр.    

- Біз Жылыой ауданының әкімі Мақсым ІЗБАСОВТЫҢ уәдесіне қанағаттанып отырған жоқпыз. Жұртшылықты алдау және қорқытумен көшіргенімен, үй салуға қаражаттың белгісіз болып отыр дегеніне келіспейміз. Біз жаман да болса, жекеменшік баспанамыздан айрылып қаламыз ба деп қорқамыз. Әрі бізбен келісімшарт жасасқан жоқ. Біз орыс тіліндегі келісімшартты жасау жөнінде талап қойғанбыз. Сондықтан біз пәтерлерімізде бульдозер келгенше отырамыз деп шештік, -дейді Галина ДОИЛИД, Татьяна АВВАКУМОВА, Сергей ИГНАТЕНКО.

Әзірге мұндағы тұрғындарды газ, электр көзінен, судан ажыратқан жоқ. Осы кездесу кезінде бұдан бұрын көшіп кеткендер мен жұртта қалғандар арасында төбелес бола жаздады.

- Мен ақырына дейін отырар едім, енді қорқамын. Отбасыма қауіп төне бастады. Бізді кім қорғайды, билік халықты алдап соқты. Бұдан оншақты жыл бұрын бұл үйлер күрделі жөндеуден өткен, енді келіп күреп тастамақшы. Бұл қалай, бюджет қаржысын шашу ма? Көшкендер де мазасыз, олар толыққанды келісімшартқа қол жеткізген жоқ, -дейді Игорь (фамилиясын айтудан бас тартты).

«Сайт» дүкенінің иесі Талғат ШАПАХОВ телефон арқылы жеріңді аламыз деп хабарлағанын, ешқандай өтемақы туралы айтылмағанын жеткізді. «Ақнұрай» дүкенінің иесі осы проблемамен басы қатулы.

- Біз осы дүкен арқылы отбасымызды асыраудамыз. Сондықтан өтемақы төлемесе, бұзуға жол бермейміз, - дейді дүкен иелері.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.