Атырау, 26 қараша 14:41
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Санитарлық дәрігерлердің жұмыстары көбейеді

2 543 просмотра

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті баспасөз конференциясын өткізді.

Департамент басшысының орынбасары Ерболат УАИСОВ республикалық Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің құрылғаны туралы хабарлады. Оған таралатын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің өкілеттігі де берілмек. Санитарлық дәрігерлер штаты осы жаңа құрылымға кіреді.

- Біздің бұрынғы қызметіміз өзімізде қалады, ал оларға басқа салалардағы жаңа жұмыс көлемдері қосылады, - деп атап өтті Уаисов. Оның айтуынша, қазіргі кезде агенттік туралы ереже өңдеу кезеңінде тұр, санэпидемиологтар үкіметтің арнайы қаулысын күтіп отыр. Агенттікке тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі бүкіл қызмет, әсіресе, тұрғындарды қауіпсіз тағам өнімдерімен және халық тұтынатын тауарларымен қамту, тұрғын үй коммуналдық қамту, сервиспен, туризммен қамту қызметтері берілетін болады.

- Бұл Кедендік одақ аясындағы біздің құқықтық актілерімізді үйлестіру мақсатында жасалды. Көптеген мемлекетте осындай ведомстволар бар. Ресейде, мәселен, бұл «Роспотребнадзор», - деді департамент басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН.

Әзірге Департамент тек санитарлық-эпидемиологиялық мәселелермен айналысады. Сол бойынша 10 айдың есебі берілді. Биыл ведомстволық асханаларда екі рет жаппай улану салдарынан сальмонеллезбен сырқаттану көбейген - өткен жылы8 жағдай болса, биыл 45-ке дейін жеткен. Бірінші жаппай улану шілде айында Бонатти компаниясында, екіншісі – сәл кейінірек Теңіз кенішіндегі «Сенімді Құрылыс» фирмасының нысанында тіркелген.

Биыл күз өте жылы болды, сондықтан өткір респираторлық жұқпалы аурулардың тұтануы тіркелмеген. Алайда Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша 2013-2014 жылдары эпидемиологиялық маусымда В және А түріндегі тұмаулар болады деп болжанып отыр. Жергілікті бюджет есебінен 15 млн теңгеге 22 мыңнан астам вакцина дозасы сатып алынды. 60 жастан үлкен егде адамдарға, созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары сырқаттары бар, иммун тапшылығына шалдыққан, әлсіреген және жиі ауыратын ересектер мен балаларға, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдерге, Сәбилер үйінің балаларына тегін екпе егілді.

Жыл басынан бері «А» вирусты гепатитімен 26 адам ауырған. Екпе басталғанға дейін осы сырқатқа қарсы жүздеген жағдайлардың тіркелгендігін ескерсек, санэпидемиологтар мұны жаман нәтиже емес деп есептейді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.