Атырау, 26 қараша 14:45
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Кеден транзитті жеңілдетті

1 263 просмотра

Кедендік одақ елдерінде автоматты ақпарат алмасу жүйесі енгізілді. Бұл, жобалаушылардың пікірінше, кедендік алымдар мен салықтарды төлеу рәсімдерін тездетіп, жеңілдетуі керек.

Енді кәсіпкерлер Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасы аумақтарынан осы елдердің кез келген аумақтарына өту үшін қажетті кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификатын ала алады. Бұрын сертификат тауар Кедендік одақ аумағына кірген Одаққа қатысушы елдің аумағында кедендік транзит рәсімін ашу барысында қағаз тасығыштар арқылы берілді. Мәселен, бұрын, егер қазақстандық кәсіпкер Литвадан тауар сатып алып, оны Беларусь Республикасы арқылы кіргізсе, сертификатты осы елден алуы керек болды, ал бұл уақыт пен ақшаны көп жоюға әкеп соқтырды. Транзитті қамтамасыз ету үшін кедендік ілеспе құжаты және тағы басқалар сияқты қағаз тасығыштар қолданылды.

- Біздің кәсіпкерлер бұрын Ресей мен Беларусь жерлерінен тауар өткізуге құқық беретін сертификатты Қазақстаннан ала алмады, ол жерлерде біздің құжатты мойындамады. Бизнесмендер осы елдердің кедендік қызмет қызметкерлері жүргізген кедендік ілеспе құжатқа ақша төлеп жүрді. Сонымен қатар, сертификатты ашу үшін оны ақшалай депозитпен қамтамасыз ету керек болды, - дейді Атырау облысы бойынша КБД-ның Тауарлар мен көлікті жеткізуге бақылау жасау бөлімінің бас маманы Алшын САРИЕВ.Тауарды жеткізгеннен кейін де кәсіпкердің алдында осы депозитті жауып, өз ақшасын қайтарып алу сияқты тағы бір проблема кесе көлденең тұрды. Енді бұрынғыға қарағанда жеңілдеу болады: кәсіпкер сертификатты Қазақстаннан алады және бұл құжат Кедендік одақтың барлық аумағында танылатын болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.