Атырауда жеңістің 70 жылдығына дайындық жұмысымен айналысатын комиссия жұмыс жасайтын болады.
Облыстық әкімдікте болған жиналыста облыс орталығында Гурьев облысынан майданға кеткен барлық жауынгерлердің есімдері жазылатын естелік қабырғасы салынады деп шешім шығарылды. Облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Қатимолла РИЗУАНОВТЫҢ айтуынша, соғысқа бұл өңірден шақыртумен және ерікті түрде 42 мың адам аттанған.
Жиналыста, сондай-ақ, Гурьевтегі соғыс даласында жараланған 9 мыңнан аса адам емделген әскери госпитальдерді еске алды. Кіші лейтенант Горшковтың гурьевтік Ирина Ильинаға жазған хаты да оқылды. Көптеген жылдар бойы сақталған хатта жауынгер госпиталь қызметкерлері тарапынан болған қамқорлық пен ықыласқа тәнті болғанын жазады.
- Соғыс жылдарында облысы-мызға жаралы жауынгерлерді вагондап әкелді, - дейді Ризуанов. - Олардың бір жартысы осы жерде бақилық болды. Кейбіреулері туралы деректер мүлдем жоқ. Осы адамдардың жерленген жерлерін табу - біздің парызымыз. Бұл да біздің іс-шаралар жоспарымызға енгізілді.
Майданға Мақат мұнайын жеткізу үшін Гурьев-Астрахан темір жолын салғандар үшін де тағы бір ескерткіш салу туралы да айтылды.
- Темір жол астындағы топырақты биіктету үшін мыңдаған адам жұмыс жасады, олардың көбі - қарттар, әйелдер және жасөспірімдер. Біз қазір көзі тірілерін марапаттауға ұсыныс бердік,- дейді Қ. Ризуанов.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ