Атырау, 6 мамыр 07:50
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 658 просмотра

ҚІІБ қызметкерлері 40 жастағы әйел адамның «Самсунг-Галакси» ұялы телефонын ұрлап алды деген күдікпен 15 жастағы оқушыны ұстады. Заттай айғақ алынды.

***

Полицияға Құлманов көшесінің тұрғыны үйінің жанында 28 жастағы балдызының арқасына шанышқы тығып алғандығына шағымданды. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Полицияға Атырау қаласының 30 жастағы тұрғыны шағымданды. Ол 2011 жылдың желтоқсанында пәтер алып беруге көмектесемін деп, өзінің 800 мың теңгесін алып, ғайып болған 33 жастағы Алмагүл ықшамауданы тұрғынының алаяқтық әрекетінің құрбанына айналыпты.  Күдікті ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Қарашаның 27-де Привокзальныйдағы пәтерлердің бірінде 30 жастағы ер адам 30 жастағы әйелді зорлаған. Зорлықшы ұсталды.

***

Қарашаның 28-іне қараған түні Авангардтың 21 жастағы тұрғынын Привокзальный ықшамауданындағы мейрамханалардың бірінде тонаған. Зардап шегуші ақша салынған әмияны мен ұялы телефонынан айырылып қалған. Зиян мөлшері 35 мың теңгені құрады. Тонау қылмысын жасады деген күдікпен Привокзальныйда уақытша тұрып жатқан Сағыздың 32 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

Жылыой ауданының полициясына ақтөбелік ЖШС-нің 31 жастағы директоры хабарласты. Теңіздегі «Шаңырақ» вахталық кешеніндегі оның бөлмесінен 250 мың теңгелік зергерлік бұйымы қолды болған. Ұрлық жасады деген күдікпен 22 жастағы еден тазалаушыға іздеу жарияланды.

***

Жылыой аудық ішкі істер бөліміне Құлсары қаласының 23 жастағы тұрғыны хабарласты: ол жоқ кезде 34 жастағы қайын апасы үйден асүй плитасы мен пластик терезені ұрлаған. Күдікті ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Желтоқсанның 1-іне қараған түні облыстық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне ішінен пышақ жарақатын алған Молдағұлова көшесінің 25 жастағы тұрғыны түскен. Дене жарақатын салды деген күдікпен Азаттық даңғылының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

Желтоқсанның 1-де таңертең Привокзальный 3а ықшамауданындағы №25 үйдің алдынан зорлықпен өлтірілген белгілері жоқ 50-60 жастардағы ер адамның мүрдесі табылды. Дене мүрдеханаға жеткізілді.

***

Желтоқсанның 1-іне қараған түні Құрманғазы ауданының Нұржау селолық округінің Шөбеке көпірінде АІІБ қызметкерлері Ганюшкиннің 45 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Мицубиси Паджеро» көлігін тоқтатты. Салоннан ілеспе құжаттарсыз 4 центнер қара балық табылды. Сараптама тағайындалды.

***

Криминалдық полиция қызметкерлері Ақтөбе облысының Алға поселкесінен келген 35 жастағы әйелді ұстап, қабылдау-тарату орнына қамады. Оған Дина базарының бутигіндегі саудадан түскен ақшаларды ұрлады деген екі ұрлық таңылып отыр. 30 қарашада 35 мың теңге, келесі күні 60 мың теңге ұрланған.

***

Полицияға Атырау қаласының Ақсай селолық округінің 74 жастағы тұрғыны шағымданды: 6 қыркүйекте оған Мақат округінен 44 жастағы танысы келіп, алдау жолымен 317 мың теңгесін алып, ғайып болған. Алаяқтық жасаған күдіктіге іздеу жарияланды.

4 желтоқсан 2013, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.