Жаңа маусымды «Атырау» футбол клубы жаңа бас бапкер – белорус Анатолий ЮРЕВИЧТІҢ (суретте) жетекшілігімен бастайды.
«Атырау» ФК-ның директоры Асылбек ЖҮНТЕРБАЕВТЫҢ айтуынша, 56 жасар Юревич (басқа деректерде 54 жаста деп берілген) Запорожьенің «Металлургын», қазақстандық «Ақжайық» және «Ордабасы» клубтарын жаттықтырған. Соңғы екі жылды Қазақстан футбол федерациясының спорттық директоры лауазымында қызмет етті.
Миодраг РАДУЛОВИЧПЕН жасалған бір жылдық келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін «Атырау» ФК оған ұзарту туралы ұсыныс жасаған жоқ. Жаңа маусымда оның қызметінен бас тарту себебін туралы Жүнтербаев түсінік бермеді:
- Ол жақсы жұмыс жасады және біз оған ризамыз.
Радулович тек бір маусым ғана жұмыс жасады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА