Атырау, 2 маусым 14:32
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Оң жақ жағалаудағы жаңа үйлерден газ ажыратылады

3 234 рет қаралды

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау өндірістік филиалы бейсенбі күні Атырау қаласының оң жақ (еуропалық) жағалауындағы бірқатар нысандардан жоспарлы түрде газ ажыратылатыны жөнінде хабарлама таратты.

Хабарламада былай делінген: «5 желтоқсанда сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін «Н.Ә. Назарбаев атындағы Зияткерлік мектеп» нысандарын газ құбыры желілеріне қосу және Нұрсая ықшамауданының газ құбырларын айналымға келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты келесі нысандарды газбен қамту тоқтатылады: Самал, Нұрсая, Тұлпар, Болашақ, Жерұйық ықшамаудандары, Ескі әуежай ауданы, ҮКК компаниясының оқу орталығы, «Арнайы автобаза» КМК, Бигельдинов көшесі (бұрынғы Авиатор) бойындағы мұсылмандар қорымына дейінгі жерлерде орналасқан нысандар».

«Ауа райы» сайттары 5 желтоқсанда Атырауда ауа температурасы -1 градустан +4 аралығында болады деп болжап отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 желтоқсан 2013, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.