31 арнадағы сюжеттен алынған кадр.Атырау облыстық ҰҚК департаменті Құлсары қаласының тұрғыны Б.МЫРЗАҒАЛИЕВҚА және оның жұбайы Н.СҰЛТАНОВАҒА қатысты ҚР ҚК-нің 233-1 бабы бойынша («Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру») қылмыстық іс қозғады.
Істі тексеру кезінде басқа жайттардың арасында осы отбасылық жұптың 7-13 жас аралығындағы төрт баласының мектепке бармағандығы, ата-анасының олардың тәрбиесімен айналыспағандығы анықталды. Осыған байланысты балалар Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығына орналастырылды. Облыстық прокуратура ұсынған ақпарат бойынша қазіргі кезде істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Зульфия ИСКАЛИЕВА