Атырау, 26 қараша 12:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Павлодар есепке алынбайды

2 155 просмотра

Облысқа адам папилломасы вирусына қарсы вакцина келді. Денсаулық сақтау министрлігінің 11-12 жастағы қыздарды иммундау науқанын ресми «тоқтатқан» шарасы қайта жалғасын таппақ.

Естеріңізге салсақ, ресми науқан 1 қазанда басталған еді. Алайда Атырауға вакцина жеткізілгенге дейін Павлодар облысында екі қыз бала екпеден соң жансақтау бөліміне түскен болатын. Осыдан кейін папиллома вирусына қарсы екпе салу тоқтатылып, тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмыстары алдын ала «вакцина зиянсыз, балалардың жағдайы иммундауға қатысты емес» деген қорытынды жасады.

- Денсаулық сақтау министрлігінің ресми хабарламасынан соң біз өңірімізде балаларға вакцина егуді бастаймыз, - деп хабарлады Атырау облысының бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВА. Иммундауды бастау уақыты 10 желтоқсан деп белгіленген. Павлодарлық оқиғадан кейін вакцина егуді бұрын жоспарланғандай, мектептегі медициналық қосындарда емес, тікелей медициналық мекемелерде жүргізу ұйғарылды. Ата-аналар балаларын емханадағы егу кабинеттеріне өздері апарулары тиіс. Біздің облысымызда 1 450 қыз бала екпе егуге өз келісімдерін берді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 желтоқсан 2013, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.