Атырау, 17 қаңтар 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.65
€ 544.64
₽ 5.16

Балық қорғау инспекциясының бастығы мен ҚІІБ тергеушісі парамен ұсталды

4 102 просмотра

Қаржы полициясы Жылыой балық қорғау бөлімінің басшысы мен Атырау ҚІІБ тергеушісіне қатысты қылмыстық істердің қозғалғандығы туралы ақпаратты таратты.

Баспасөз релизінде хабарланғандай, «Атырау облыстық қаржы полициясы департаменті ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-тармағы («Лауазымды тұлғаның пара алуы») бойынша Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Жылыой балық қорғау инспекциясының бастығына қатысты қылмыстық іс қозғады. Азамат А. мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті тұлға бола отырып, азамат О-дан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабы («Заңсыз аң аулау») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 50 000 теңге мөлшерінде пара алған».

Сонымен қатар, баспасөз релизінде «қаржы полициясының департаменті ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірігіп, Атырау ҚІІБ тергеушісі азамат А-ны азамат С-дан қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін 25000 теңге мөлшерінде пара алу кезінде ұстады. Осы факті бойынша Атырау облыстық қаржы полициясы ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады» деп хабарланады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қараша 2013, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.