Атырау, 26 қараша 12:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Екі елдің пролетарлары бірікпейді

1 908 просмотра

«Евразия СтройКапитал» ЖШС-нің қазақстандық жұмысшылары. 2 мамыр 2012 ж. Мұрағаттан алынған суреттер.«Евразия СтройКапитал» ЖШС-нің қазақстандық жұмысшылары. 2 мамыр 2012 ж. Мұрағаттан алынған сурет.27 қарашада таңертеңгі сағат 9-да Атырау МӨЗ-інің орталық өту ауласында қытайлық және қазақстандық жұмысшылар арасында қақтығыс орын алды.

Қақтығысты көзімен көрген жандардың растауынша, жанжалдасушылар бір бірін жағасынан алып, ана тілдерінде балағат сөздер айтып айқайласыпты. Күзетшілер сабыр сақтауды өтініп, тіпті полицияны да шақырған. Келген жасақ оқиғаны «өзара сөзге келу» ретінде рәсімдепті. Ешкім ұсталмаған.

Сол қытайлық және қазақстандық жұмысшылар жұмыс істейтін «Евразия СтройКапитал»ЖШС (қытайлық «Синопек Инжиниринг» компаниясының қосалқы мердігерлерінің бірі) АМӨЗ басшылығына қақтығыс тәмамдалды, тәртіп бұзушылар жазаланды, бірнеше адам жұмыстан босатылды (олардың азаматтығы туралы айтылмаған) деп баяндаған.

Біздің АМӨЗ-дегі дереккөзіміздің ақпараты бойынша, 28 қарашада хош иісті көмірсутек өндіру кешенін салып жатқан «Синопек Инжиниринг» пен  оның қосалқы мердігер компанияларындағы қытайлық 444 қызметкер түгелдей жұмысқа шығыпты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қараша 2013, 02:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.