Атырау, 26 қараша 12:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Екпе аурудан сақтайды

2 252 просмотра

Елімізде профилактикалық екпе егу ұлттық күнтізбесіне сай «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде пневмококк жұқпасына және жатыр мойыны қатерлі ісігіне қарсы иммундау апталығы жүріп жатыр.

Пневмококк жұқпасына қарсы екпе бір жасқа дейінгі сәбилерге ПКВ13 пневмониялық көкжөтелден қорғайтын 13-валентті вакцинасымен жүргізіледі.

Пневмококк жұқпасына қарсы егу жұмысы біздің облыста биылдан бастап жүргізілуде. Бұл қымбат вакцина өзінің жоғары иммундық қасиетімен ең пайдалы деп танылған. Екпе жүргізуді бізден ертерек бастаған көрші Маңғыстау облысында пневмония ауруынан жас сәбилердің аурушаңдығы 1000 балаға шаққанда 50 пайызға жуық азайған.  Жедел отит ауруымен аурушаңдық 2 есеге төмендеген. Ал, жас сәбилердің пневмония ауруынан қайтыс болу көрсеткіші 57 пайызға кеміген.

Пневмококк жұқпасының ауа арқылы таралуы себепті, ешқандай оқшаулау және басқа да сақтық шаралары жас сәбилерді бұл аурудан қорғай алмауы мүмкін. Ағзаның жұқпалы ауруға төзімділігін арттыру ғана сәбиді бұл аурудан сақтандырады.

Қазір көптеген ата-аналар әр түрлі себептермен балаларына алдын ала егу жүмысын жүргізу-ден бас тартып, медициналық қызметкерлерге Ұлттық екпе күнтізбесі жоспарын орындауға кедергі келтіріп отыр. Сонымен бірге, елімізде жұқпалы аурулардың шығып, эпидемияға айналып кетуіне жағдай жасауда. Осыған байланысты ата-аналарды балаларымызға пневмококк жұқпасына қарсы екпе жүргізуден бас тартпауға шақырамыз. 

К.Жұмағалиева,№5 қалалық емхананың бас дәрігері   

28 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.