Атырау, 21 қыркүйек 06:26
 ашықВ Атырау +20
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Аудан жаңалықтары

1 435 просмотра

Генератор қыстақтарға жетті

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының шеңберінде Қызылқоға ауданына қарасты шалғай қыстақтарда малшыларға жел генераторы қондырылды.

Енді электр энергиясының осындай балама көзіне қол жеткізген екі шаруа қожалығының жетекшілері Ерболат БАЙГЕЛДИН («Құлпейіс» қыстағы) мен Орынғали ШОТЫҚБАЕВ («Аяпберген» қыстағы)теледидар арқылы сүйікті бағдарламаларын көруге мүмкіндік алды. 

***

Жидек теруге барамыз

Миялы селосындағы Е. Нұршаев атындағы ықшамауданына 600 жидек көшеті отырғызылды.

Келер жылы Қызылқоға ауданының құрылғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға селодағы барлық мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері жұмылдырылған болатын. 

***

№7 ұңғы тоқтатылады

Исатай ауданына қарасты Жанбай селосындағы №7 ұңғыдан көптен бері жерасты газы шығып жатқаны мәлім.

Аудан әкімінің орынбасары Мәди ӨТЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, бұл ұңғыны уақытша теңгеріміне алған «ПотенциалОйл» ЖШС өз құрылтайшыларынан 300 млн теңге тауып, сметалық құжатын жасақтаған. Бүгінде «Жасулан и К» компаниясы «ПотенциалОйл» ЖШС-мен бірге ұңғыны қайта қалпына келтіруге кірісіп кетті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.