Атырау, 26 қараша 12:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бруцеллез азайды

1 680 просмотра

Қызылқоға ауданында бруцеллез індетімен күрес жалғасуда. Тасшағыл ауылында бұрын жарияланған карантин әлі алынған жоқ, тексерулер мен малды жою жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы ақпар бойынша 47 484 бас ірі қарадан 596 бас, 1 162 түйеден 23 бас, ал 110 182 қой-ешкіден 1 527 бас малдың бруцеллезге оң нәтиже бергендігі анықталған. Солардың қатарында Тасшағыл ауылының өзінен 762 қой-ешкіден бруцеллез табылған. Қазіргі кезде «Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды» ММ Атырау облыстық филиалының қызметкерлері қойлар мен ешкілердің көзін жоюмен айналысуда.  

- Тасшағыл ауылынан карантин екі рет тексерістен өткенде ауру мал табылмаған жағдайда ғана алынады. Қазір жағдай бастапқыдай емес, бруцеллезге оң нәтиже берген көрсеткіштер саны бұрынғыдан азайып келеді. Енді эпизоотияға қарсы күрес отряды қарашаның соңында бесінші рет қан алмақ. Осы жылдың аяғына дейін бруцеллез малын түгел жоямыз деген ойдамыз, -  дейді Қызылқоға аудандық ветеринария бөлімінің бастығы Серікбай ЛАТИЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.