Атырау, 26 қараша 12:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

28 қараша, бұл күні...

2 745 просмотра

2001 жылы «Американдық қалашық» құрылысы аяқталды. Жоба құны 35 миллион долларды құрады. Кешенге 86 отбасыға арналған 43 екі қатарлы үй және ТШО өңірлік менеджерлеріне (американдық және қазақстандық тараптар жағынан) арналған екі резиденция кіреді. Қалашық ішінде мектеп, спорт зал, клубтар мен мейрамханалар, екі теннис корты, бассейн және т.б. бар. Алайда көптен бері сол жерде күзетшілерден басқа көп адам көрінбейді...

2001 жылы Сарайшық тұрғыны Нұрлан Өтешқалиев өз жертөлесінен шұңқыр қазып жатып, матаға оралған кітап тауып алады. Уақыт өз дегенін істеп, ескі кітаптың кей беттері көнерген екен. Алайда негізгі бөлігі жақсы сақталыпты - парақтарынан араб жазуын бірден тануға болады. Кейіннен мамандар бұл кітаптың бұдан екі ғасыр бұрын жазылған Құран екенін анықтады.

2003 жылы Азғыр мен Кеңарал аса қауіпті экологиялық жағдайдағы елді мекендер болып танылды. Ол жердегі радиация мөлшері сағатына 40 микрорентгеннен асты.

2006 жылы Атырауда қатты аяз болды: көшедегі ауа температурасы 29 градус салқындықты көрсетті. Синоптиктер қарашадағы мұндай ауа райын төтенше деп атады. Құлсары қаласында екі әйелдің мүрдесі табылды: сот-медицина сарапшыларының айтуынша, ажалдары үсіктен болған екен.

2009 жылы полиция қызметкерлері бірнеше адамды өлтірген қылмыскерді тұтқындады. Із кесушілер оны «квартирант» деп атады. Кісі өлтіруші бір сценарий бойынша әрекет еткен: хабарландыру бойынша пәтер жалдаушыларға телефон шалып, кездесуге шақырған. Егер пәтер иесі әйел адам болса, тұзағын қолына алады. Қылмыскер өзінің үшінші құрбанын өлтіру кезінде әшкере болды: ол қатты қарсылық көрсетті. Әйелді буындыруға әлі жетпеген кісі өлтіруші оған пышақ салады. Құрбанының өлгеніне сенімді болған ол кетіп қалады. Бақытына орай, үй иесі әйел тірі қалды және бұл іс «квартирант» ақырының бастамасы болды.

28 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.