«Бүгін таңертең осыған (Григрий Лепстің жағдайына – агенттік) байланысты Вашингтоннан қағаз келді», - деп мәлім етті Мәскеудегі АҚШ елшісі Майкл Макфол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мәлімденгендей, АҚШ Сыртқы істер министрлігі ресейлік әнші Григорий Лепсті «Братский круг» қылмыстық тобымен байлынысы бар деп айыптаған болатын. АҚШ билігінің мәліметінше, Лепс курьер ретінде осы топтың басшысы Владислав Леонтьевтің атынан ақша тасымалдаумен айналысқан. Алайда ресейлік күш құрылымдары ондай қылмыстық топтың барын растайтын еш ақпарат таппаған. Осындай жалаға тап болған Ресей эстрадасының жұлдызы енді АҚШ-қа кіру құқығынан айырылып отыр.
Ал әншінің өзі болған оқиғаға қатысты өз ойын былай жеткізді: «Владислав Леонтьевпен 30 жылдан астам уақыт бойы таныспын. Онымен жас кезімде Сочиде танысқам. Оған қатысты, менің білуімше, ресейлік заң тарапынан да, еуропалықтан да, тіпті, америкалық заң тарапынан еш ескерту жоқ. Біреудің мен бірдеңе тасыпты деген дәлелсіз ойына бола мен қаншама жыл бойы дос болған адаммен байланысымды үзбеймін. Сондықтан, осындай алып-қашпа әңгіме тарату АҚШ сынды үлкен мемлекетке жат қылық деп есептеймін».
Сондай-ақ Лепс осындай қысыл-таяң сәтте қол ұшын созып, қолдау білдірген барша азаматтарға алғысын жеткізді.
«Маған қаншама қоңырау келіп түсті, осыған орай мемлекеттің бірінші тұлғаларына, шенеуніктер мен достарыма қолдау білдіргендері үшін ризашылығымды жеткізгім келеді», - деді ол.
Дереккөз: BNews.kz