Атырау, 24 қараша 00:48
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Гүлнар Кәрімова туған анасымен жауласа бастады

1 933 просмотра

Өзбек президентінің отбасындағы жанжал жаңа қарқынмен жалғасуда. Енді Гүлнар Кәрімова әкесін қойып туған шешесімен жауласа бастады. Бұл туралы КТК хабарлады.  

Гүлнар Кәрімова:

- Құрметті мама. Менің ғаламтордағы жазбаларымды оқисың. Сол бойда ұлттық қауіпсіздік комитетіне тапсырма беріп, менің твиттерімді өшіріп аузымды жапқың келеді. Өте өкінішті.

Гүлнар Кәрімова осылайша туған анасын жақтастарының жаппай тұтқындалуы мен жемқорлыққа қатысы бар деп ауыр айып тақты. Яғни, басына үйрілген қара бұлтқа шешесін кінәлап отыр. Ал бұған дейін әкесі Ислам Кәрімовты Сталинмен салыстырып, диктаторға теңеген еді. Соңғысы ашуланса керек, Гүлнараға тиесілі қайырымдылық қорлар, бірнеше телеарна мен радиостансаларын тартып алды. Гугушаның ғаламтордағы қылығына қатысты Ташкент әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Ал бүгін еліміздің Сыртқы Істер министрлігі Гүлнар Кәрімова Астанадан саяси баспана сұрапты деген ақпаратты жоққа шығарды. 

Дереккөз: Baq.kz

27 қараша 2013, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.