Атырау, 26 қараша 13:36
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мерген, мықты, сауатты

2 646 просмотра

100 әмбебап полицей Атырау облыстық ІІД-нің оқу орталығында арнайы дайындықтан өтті. Тағы бір жүз қызметкер (жартысы - Батыс Қазақстан облысынан) қазіргі уақытта екінші ағынмен дайындықтан өтіп жатыр. Біз орталыққа барғанда, полейцейлер нысана көздеуден сынақ тапсырып жатыр екен.

Оқу орталығының ішкі ауласында орналасқан тирге сынақ тапсырушылар мен емтихан комиссиясы сенбі күнгі таң салқынымен жиналыпты. Алғашқыларының міндеті – Макаров тапаншасынан 25 қадам қашықтықтағы нысанаға атып, көбірек ұпай жинау. Үш оқ сынақтық, бесеуі – есептік.

- Оқ ату дайындығы бойынша нормативтер мынадай: 20-29 ұпай – «үштік», 30-39 – «төрт», 40 және одан жоғары – «бестік»,- деп түсінік берді Атырау облыстық ІІД-нің оқу орталығының оқ ату дайындығы бойынша оқытушысы Жеңіс ШАЛАҒҰЛОВ. – Сонымен қатар, полейцейлер қарудың тетіктерін жақсы игеріп, шашып-жинап білулері керек.

Айта кетсек, бұл ІІД-нің жаңа бағдарламасы аясында әмбебап полейцейлер өтетін жалғыз оқу пәні емес.

- Оқ атумен бірге физикалық және саптық даярлық та жүргізіледі. Курсқа, сондай-ақ, заңгерлік, психологиялық дайындық, жол қозғалысы қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті қорғау, жол қозғалысын реттеу негіздері және дәрігерге дейінгі көмек көрсету пәндері де қосылған, - дейді ІІД оқу орталығының бастығы Алтай БАЙСҰЛТАНОВ. - Әмбебап полейцейлер мемлекеттік және орыс тілдерін білуі керек, сол сияқты, жол-патрульдік қызметі қызметкерлерін ағылшын тіліне оқыту мәселесі де шешіліп жатыр.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

27 қараша 2013, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.