Атырау, 5 мамыр 19:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қонағасы кімнің есебінен?

3 583 просмотра

Мемлекеттік қаржылардың ұрланғандығы анықталып, дәлелденді, іс сотқа дейін де жетті, бірақ ақырына келгенде тоқтатылды. Зардап шегуші де талап қоймай отыр. Осы сызбаны дөңгелетіп әкететіндерге «Мінсіз экономикалық қылмыс жасау» тақырыбы бойынша тренинг өткізуге болар еді.

 

КІНӘЛІ, БІРАҚ СОТТАЛҒАН ЖОҚ

Редакцияға қылмыстық тергеу материалдары келіп түсті. Осы материалдар негізінде сот ісі өткен болатын. Сотталушы - «KazPetroTrans» ЖШС бас директоры Бермағанбет ҚОЖАХАЕВ – «қызмет бабын пайдаланып, алдау жолымен және сенімге қиянат жасап, ұрлау мақсатынсыз» «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» акционерлік қоғамына 20 млн теңгеден астам мөлшерде мүліктік зиян келтірген.

2010 жылы мамырда жарияланған ашық тендер нәтижелері бойынша «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ мен «KazPetroTrans» ЖШС (тұлға ретінде бас директоры Б.Қожахаевтың) арасында жалпы сомасы 58 млн теңгеге «ЕмбіМұнайГаз» өндірістік филиалының кеніштеріндегі негізгі қорларға күрделі жөндеу жүргізуге келісімшарт жасалған. Сол шарттарға сәйкес, «KazPetroTrans» «ЖайықМұнайГаз» МГӨБ-нің «Балғымбаев С.» кенішінде және «ДоссорМұнайГаз» МГӨБ-нің «Қарсақ» кенішінде жер жұмыстарын жүргізуге міндеттелді.

Әрі қарай, Қожахаев құрылыс материалдарын сатып алуға міндеттелген келісімшарттарға сәйкес, іс жүзінде қажетті топырақты сатып алмаған, «өзінің қызмет бабын пайдаланып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы» аталмыш кеніштердің аумақтарындағы (тапсырыс беруші - «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның өзіне тиесілі) топырақтарды пайдаланған. Орындалған жұмыс актілері мен төленетін есепшот фактураларына ақысыз топырақтың құны мен кенішті безендіру шығындары енгізілген. Сотта ҚР ҚК-нің 182-бабының 2-тармағының «б» тармақшасы («Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру») бойынша айыпталушы Қожахаев өз кінәсін толықтай мойындады. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен құтылды: №2 Атырау қалалық соты рақымшылық жасау актісімен оған қатысты істі тоқтатты. Ал облыс прокурорының орынбасары Б.САУҒАБАЕВТЫҢ сотталушыдан мемлекет кірісіне зиян сомасын өндіріп алу туралы азаматтық талап-арызы қараусыз қалдырылды. Яғни, кінәлі, бірақ сотталған жоқ. Мұндай жағдайларда азаматтық сот өндірісі тәртібімен зардап шегуші тарап талап-арыз беруіне болады. Алайда сот отырысында зардап шегуші - «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» АҚ өкілі А.ШЕКИМОВ сотталушыға «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның талабы жоқ екенін мәлімдеді.  

 

ЖАЗАСЫЗДЫ ҮШ ЖЫЛ КҮТЕДІ

Бұл сонда 20 млн теңге ұлттық компанияның еншілесі үшін зиян емес дегенді білдіре ме? Ол сонда бұл соманы ұры мердігерге тарту етуге әзір болғаны ма? Біздің сауалымызға «ҚМГ БӨ» АҚ-дан алынған жауаптан белгілі болғандай, мұны жоққа шығаруға болмас: «2010 жылдың 19 мамырында «ҚазМұнайГаз БӨ» АҚ мен «KazPetroTrans» ЖШС арасында «Ембімұнайгаз» ӨФ кеніштеріндегі жолдарды ұстау және күрделі жөндеу жүргізуге келісімшарт жасалды. Осы келісімшарттың шеңберінде «KazPetroTrans» ЖШС  орындалған жұмыстар туралы актілер мен анықтамаларға сәйкес тиісті жер жұмыстарын толықтай жүргізген, яғни, келісімшарт бойынша өзінің бүкіл міндеттемелерін орындады.

Алайда Атырау облыстық ЭСҚКД «KazPetroTrans» ЖШС директоры Б. Қожахаевқа қатысты ҚР ҚК-нің 176-бабының 3-тармағының «б» тармағы бойынша («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету») қылмыстық іс қозғап, оны сотқа жолдады.

Осы іс бойынша «ҚазМұнайГаз БӨ» АҚ зардап шегуші тарап деп танылып, ол қылмыстық сот өндірісіне өз өкілін қатыстыруды қамтамасыз етті.  

Сот ісіне қатысқан прокурор отырыста сотталушы Б. Қожахаевтың әрекетін ҚР ҚК-нің 182-бабымен («Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру») айыптады.

Зиянды өндіру мәселесі аталмыш сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін қаралатын болады».

Бұл жағдайда талап-арыз уақытының жалпы мерзімі – 3 жылға дейін. Яғни, егер зардап шегуші тигізілген зиянды қалпына келтіру мүмкіндігін пайдаланбаса, үш жылдан кейін Қожахаевтан ештеңе талап ете алмайды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

26 қараша 2013, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.