Дүйсенбіде шеруге шыққан жүздеген адам президент Виктор Януковичтен ЕО-мен саяси және сауда келісіміне қол қоюға шақырған. Акцияға қатысушылар бұл жолы да полициямен қақтығысты.
"Сіздерді қолдау мақсатында мен Януковичтің ассоциация туралы келісімге қол қоюын талап етіп аштық жариялаймын" деген наразылық шеруіне қатысушыларға жолдаған үндеуінде Тимошенко.
ЕО "Киевке келісім жасасудан бас тартқызу үшін қысым жасап отыр" деп Ресейді айыптады. ЕО президенті Херман ван Ромпей мен Еурокомиссия басшысы Жозе Мануэл Баррозу мәлімдеме жасап, "Ресейдің ұстанымы мен саясатын мүлдем қолдамайтындарын" айтты. Олар осы аптада Вильнюсте өтетін саммитте Украинамен келісімге қол қою ұсынысының күшінде қалатынын ескертті.
Өткен аптада Киев 28-29 қарашада Вильнюсте өтетін ЕО-ның "Шығыс ынтымақтастығы" саммитінде ЕО-мен ассоциация туралы келісім жасауға дайындықты тоқтататынын хабарлаған еді.
Қарашаның 21-інен бері Украина оппозициясы Еуроодақпен келісімнен бас тартқан билік шешімімен келіспей наразылық шерулерін өткізіп келеді. Жексенбіде Киевте мыңдаған адам Еуроодақ пен Украинаның туын ұстап Киев орталығынан жүріп өткен.
Дереккөз: Baq.kz