АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Сьюзан Райс Ауғанстан президенті Хадим Карзайға қауіпсіздік жөніндегі пактке қол қойылмаса Вашингтон 2014 жылы әскерін елден шығаратыны туралы ескертті. Бұл туралы ВВС Орыс қызметі хабарлайды.
Ақ үйдің мәлімдеуінше, бұл келісім бірнеше мың американдық әскери нұсқаушының Ауғанстанда болуы үшін қажет.
Ауғанстан президенті әкімшілігінің мәлімдемесінде Карзай аталған келісімге қол қоюға әзірге мүдделі емес екендігі көрсетілген. Ол 2014 жылы 5 сәуірде өтетін президенттік сайлауда жеңіске жеткен адам құжатқа қол қоюы керек деп санайды.
Келіссөздер Кабулда дүйсенбі күні өтті, оған Райс Барак Обаманың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші ретінде алғаш рет қатысты.