Атырау, 24 қараша 00:41
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ахматбек Келдібековтің жақтастары Қытайға баратын халықаралық жолды жауып тастады

1 530 просмотра
Қырғызстан тағы да дүрлігіп жатыр. Қамауға алынған депутат Ахматбек Келдібековтің жақтастары Қытайға баратын халықаралық жолды жауып тастады. Осының салдарынан «Ош – Иркештам» арасындағы тасжолда 500-ден астам көлік өте алмай тұр. Тосқауыл қойылған аумақтан адамдар жаяу өтуге мәжбүр. Ереуілшілер тіпті киіз үйлер тігіп қойған. Олар темір тордағы депутат Келдібеков босатылғанша, көлік өткізбейтіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.  

Құқық қорғаушылар шерушілер мен жүк көліктері жүргізушілерінің арасында қақтығыс бола ма деп қауіптенуде. «Ата-Жұрт» оппозициялық фракциясының атынан парламентте депутат болған Келдібеков 20-шы қарашада жемқорлық жасады және лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Экс-спикер, мемлекетке 655 мың доллар көлемінде шығын келтірген. Ол қамауға алынған сәттен бастап, оның жақтастары ереуілге шықты. Қазіргі ұйымдастырылғаны 4-ші ереуіл. Ең ауқымды наразылық шарасы Парламент алдында өткізілді.

Азамат Паланчаев, ереуілге қатысушы:
- Қамаса, қамасын! Өлтірсе, өлтірсін! Мен өлімнен қорықпаймын! Жерлесіміз үшін өмірімді де қиюға дайынмын. Біздікі дұрыс. Келдібеков кінәлі емес. Ахматбекті жіберсін!

Дереккөз: Baq.kz

26 қараша 2013, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.