Атырау, 10 мамыр 06:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қытайда екі кеме суға кетіп, 26 адам із-түссіз жоғалды

3 345 просмотра
Шандунь провинциясының жағалауында балық аулауға арналған екі кеме суға батып, 26 адам із-түссіз кетті, деп хабарлайды РОСБАЛТ жергілікті құтқару қызметіне сілтеме жасап. 

Чжэцзян провинциясында тіркелген бір кеме жексенбі күні кешке Яньтай қаласының жағалауында суға кетті. Кемеде болған 12 теңізшінің тағдыры әзірге белсіз.

Ал екінші кеме дүйсенбіге қараған түнде Вэйхай қаласының ауданында суға батып кетті. Ондағы 14 адам да із-түссіз жоғалғандар қатарында.

Іздестіру-құтқару операциялары жүріп жатыр.

Дереккөз: BNews.kz

25 қараша 2013, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.