Жыл басынан бері ТЖ, СЭС және жол полициясы желісі бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына 2 млрд теңгедей айыппұл салынып, бюджетке 1,8 млрд теңгедей өндіріліп алынды.
Атырау облыстық прокурорының көмекшісі Данагүл ҚОЗЫБАЕВАНЫҢ айтуынша, айыппұлдарды уақытында өндіріп алуға түрлі мекемелердің үйлестірілмеген жұмыстары кедергі келтіреді екен. Осылайша, айыппұлдардың бір бөлігі өндірілмей қалған, өйткені мемлекеттік органдар материалдарды сот орындаушыларына кеш жібереді. Кері әрекет ететін жағдайлар да кездеседі. Мәселен, жол полициясының инспекторлары түрлі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 253 материал бойынша 2 362 815 теңге мөлшерінде айыппұлды дер кезінде өндіріп алған. Алайда олар бұл туралы облыстық статистика басқармасына хабарламаған. Нәтижесінде орталықтандырылған дерекқорда айыппұл төлеген азаматтар әлі күнге дейін заң бұзушылар қатарынан орын алып отыр.
Зульфия ИСКАЛИЕВА