Атырау, 26 қараша 13:27
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Үлкен айырмашылық

2 160 просмотра

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті (ТМРАД) ағымдағы жылдың 1 қарашасында Атырау қаласының тұрғын үй қорының жалпыүйлік жылу есептегішімен (жылу өлшегіштермен) қамтылуы 26,8 пайызды (жалпы қажеттіліктің 452-нің 121-ін) құрады деген хабарлама таратты.

Баспасөз хабарламасында қазан айында жылу есептегіштердің арқасында кейбір үйлердің тұрғындары мен кеңселер қанша ақша үнемдегендігіне мысалдар келтірді.

Махамбет көшесінің бойындағы №119 үйдің тұрғындары іс жүзінде 22,42 гигакалорий жылу тұтынған. Есептегіші бар үйлерге тариф бір гигакалория үшін - 2 102,42 теңгені (ҚҚС-мен) құрайды. Сонда берілген жылу үшін үй тұрғындары жалпы төлем сомасы 47 137,97 теңге төлеуі тиіс. Егер оларда жылу өлшегіш болмаса, жалпы алаңы 3 011,1 шаршы метр баспанаға олар 246 102,06 теңге төлер еді. Яғни, тұрғындар 198 964,09 теңге үнемдеген.

Әрі қарай Мұқанов, 1«а», Авангард, 2 м/а, №4 үй, СМП-136 м/а, №5 үйлер бойынша осындай есептеулер келтірілген. Мұнда есептегіш көмегімен үнемдеу тиісінше 364 843,43 теңгені, 344 205,01 теңгені және 454 136,97 теңгені құрады. Шәріпов көшесі, 4 «а» мекен-жайында орналасқан қалалық еңбек және жұмыспен қамту бөлімі жылуға қазан айында 74 733,35 теңге үнемдеген.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап жылу өлшегіштердің бар-жоқтығына байланысты дифференциалдық тарифтер енгізілді: жалпыүйлік есептегіш аспабы бар жеке тұрғындар үшін – 1 Гкалға 2 102,42 теңге; жоқтарға – 1 Гкал үшін 4 590 теңге; тозығы жеткен, апатты ғимараттарда, барак типті үйлерде тұратындар үшін – 1 Гкалға 4 205 теңге; жылу есептегіштері бар заңды тұлғалар үшін – 1 Гкалға 5 349 теңге; есептегіші жоқтарға –1 Гкал үшін 14 367 теңге; тозығы жеткен, апатты ғимараттарда, барак типті үйлерде тұратындарға – 1 Гкал үшін 10 698 теңге.

Жылуға қазан айының 15-ші жұлдызында қосылғанын ескерген жөн. Қараша айында төлем шотын толықтай әкеледі. Ал айдың жылы болғандығын ескерсек, есептегіштермен жарақталған үйлерде үнемдеу анағұрлым сезілетін болады.

Жазда ТМРАД «АЖ» тілшісіне республикалық агенттікте «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер жөніндегі ұсыныстар әзірленіп жатыр, соған сәйкес, жылу есептегіштерді орнатуды монополистер төлемек екен деген жаңалықты хабарлаған еді Әділдік орнамақ: жылу есептегіштерді ЖЭО төлейтін болды»).Енді, міне ТМРАД басшысының міндетін атқарушы Райхан МИЗАМҒАЛИЕВА жылу есептегіштерді тұтынушы орнатады деп мәлімдеп отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 қараша 2013, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.