Атырау, 6 желтоқсан 16:05
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жастарға арналған үй

4 605 рет қаралды

Нұрсая ықшамауданында «Жас Отау» жас отбасыларға арналған қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша 90 пәтерлік үй құрылысы басталды.

Жоба бойынша үй бір бөлмелі (45 шаршы метр) және екі бөлмелі (65-70 ш.м.) пәтерлерден тұратын болады. Бұл үшінші санатты экономикалық тұрғын үй болады. Бұл пәтерлерді жұбайларының бірі немесе екеуі де 29-ға толмаған жас отбасылар ала алады. Үйді қолданысқа келесі жылдың екінші тоқсанында беру жоспарланған.

«Жас Отау» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 444 млн теңге бөлінді. Бағдарлама операторы – облыстық әкімдікте арнайы құрылған – «Атырау – Жас Отау» ЖШС.

Облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Мейірім ҚАЛАУИДЫҢ  айтуынша, қазіргі уақытта пәтерлерді беру механизмі әзірленуде.

- Біз бағдарламаны жүзеге асыруды барынша ашық жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан да оны жүзеге асыруға БАҚ пен қоғамдық ұйымдар өкілдері қосылатын болады, - дейді Қалауи.– Бағдарламаларға қатысқысы келетіндердің құжаттарын қабылдау, сондай-ақ кезектерді қалыптастыру шамамен құрылыс аяқталуға 2-3 ай қалғанда басталады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

25 қараша 2013, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.