Атырау, 16 қаңтар 21:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Женевада тарихи келісім емес, тарихи қателік жасалды – Израиль премьер-министрі

1 433 просмотра
Егер әлем көшбасшылары сенбіде таң атқаннан бір-бірін Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімшарт жасасуымен құттықтаса, Израиль бұл күні үнсіздік танытты. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Израиль елі өзін бұл келісімшартпен байланысты деп санамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды РБК CNN-ге сілтеме жасап. 

«Женевада тарихи келісім емес, тарихи қателік жасалды»,-деп мәлімдеді Б.Нетаньяху. – Келісімшарт көптеген елдерде, соның ішінде Израильде барлық қауіп-қатерді жоя алмайды.

«Егер келесі бес жылда жарылғыш құрылғы Нью-Йоркте немесе Мадридте іске қосылса, мұның себебін бір нәрсемен ғана түсіндіруге болады. Ол – бүгін Женевада қол қойылған келісімшарт»,-деп санайды премьер.

«Иран тарапы бізді алдап отыр, ал әлем елдері өзін-өзі алдап отыр. Израиль мұндай алдауға құрылған мерекеге қатыса алмайды».- деп мақұлдады премьердің сөзін қауіпсіздік министрі Юваль Штейниц.

«Иранның мақсаты Израйльдің көзін құрту. Біздің қорғануға құқығымыз бар. Мен Иранның ядролық қару жасауға мүмкіндігі болмайтынына кепілдік беремін»,-деп уәде етті Б.Нетаньяху.

Дереккөз: BNews.kz

25 қараша 2013, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.