Атырау, 24 қараша 00:44
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Киев Еуроодаққа кіруге дайын емес

1 710 просмотра
Украинаның министрлер кабинеті Еуроодақпен қауымдасу келісімін дайындауды кейінге қалдырды. Жергілікті билік мұны Ресей мен ТМД елдері арасындағы экономикалық қатынасты дамыту үшін қажет қадам деп түсіндіруде, деп жазады ВВС.

 «Күш біріктіре отырып мемлекеттің экономикалық әлеуетін сақтау және нығайту мақсатында сауда-экономикалық байланысты дамытуға қатысты РФ және Кедендік одақ пен ТМД мүше-мемлекеттерімен белсенді диалогты қайта жандандыру», - деп атап өтілген Украина үкіметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар жергілікті билік ЕО-мен келісім жұмыстарын кейінге қалдыру «ұлттық қауіпсіздік мүддесінен» туындап отыр деп түсіндірді бұл жайтты.

Сондай-ақ, Министрлер кабинеті «жоғалтып алған өндіріс көлемін және сауда-экономикалық қарым-қатынас бағыттарын қалпына келтіруге бағытталған кешенді мәселелерді пысықтау» мақсатында Еуродақ және Ресейдің қатысуымен үшжақты комиссия құрылатыны жөнінде мәлім етті.

Ал украиналық оппозиция болса, жерлестерін ЕО-мен келісім жасасудан жалтарып отырған үкіметтің шешіміне қарсы тұру үшін 24 қазанда Киев орталығында наразылық акциясын ұйымдастыруға шақырды.

Еуропарламенттің Украинадағы бақылау комиссиясын басқаратын Польша президенті Александр Квасьневский польшалық БАҚ-қа берген сұхбатында қарашаның соңында өтетін «Шығыс серіктестік» саммитінде ЕО-мен арадағы келісім жасалмайтындығын мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл – Еуропаның емес, Украина үкіметінің жеке шешімі.

Ал Швецияның сыртқы істер министрі Карл Бильдт: «Украина мұндай қадамға Мәскеудің қысым жасауынан кейін барып отыр», - деген пікірін алға тартты. 

Дереккөз: BNews.kz

22 қараша 2013, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.