Атырау, 24 қараша 13:47
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Премьер-министр Kcell-дiң байланыс сапасын сынға алды

1 597 просмотра
Астанада өтiп жатқан «Сарапшы-200-Қазақстан» iрi бизнестiң V экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметов Қазақстандағы ұялы байланыс операторы «Kcell» АҚ-ның бас қаржылық директоры Бауыржан Аязбаевқа компанияның байланыс сапасын арттыру қажеттiлiгi туралы басып айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 

«Өз баяндамаңызды байланыс сапасын арттырамыз деген сөзген аяқтасаңыз дұрыс болар едi. Бiз қашан Kcell-дiң байланыс сапасына сенiмдi бола аламыз? Қашан 4G, 5G енгiзiледi?» 

Б.Аязбаев айтылған сынмен келiсiп, осы мақсатта ауқымды жұмыстар қолға алынып жатқанын және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiне дейiн сапаны жақсарту бойынша мiндеттемелер алға қойылғанын айтты.  
«Сонда 2017 жылды күтуiмiз керек пе? Жұмыс жасаңыздар. Олай болмаған жағдайда, сiздердiң орындарыңызды басқа оператор басуы мүмкiн. Стратегиялық жоспарлы бар сiздердiң компанияларыңыз үшн бұл үлкен соққы болары анық», - деп сөзiн аяқтады Үкiмет басшысы.
 
Дереккөз: BNews.kz
22 қараша 2013, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.