«Чаплин» кинотеатры театралдық кино маусымын ашты. Жыл соңына дейін көрермендер кинотеатр экрандарынан Корольдік ұлттық театрдың, «Глобус» Шекспирлік театрының, Корольдік Шекспирлік компанияның, Метрополитен Опера және Үлкен театрдың ең қызықты деген қойылымдарын көретін болады.
Шетелдік театрлардың қойылымдары ағылшын тілінде, орыс субтитрларының көмегімен көрсетіледі. Ал «Евгений Онегин» операсы орыс тілінде орындалады.
Кино маусымы Корольдік ұлттық театрдың ең бір сәтті қойылымдарының бірі, көрермендердің көзайымына айналған Мэри ШЕЛЛИ романының желісімен қойылған «Франкенштейн» спектаклімен басталды. Режиссері – Дэнни БОЙЛ, ал басты рөлдерді осы қойылымдағы жұмыстары үшін беделді Лоуренс Оливье сыйлығына ие болған Бенедикт Камбербэтч пен Джонни Ли Миллер сомдады. «Франкенштейн» екі нұсқада көрсетіледі – доктордың рөлін орындаушылар және заттар орындарын ауыстырады. Әртістердің ойнау шеберліктері соншалық, кейіпкерлердің сипаттары соңғы секундқа дейін сақталады. Доктор Виктор Франкенштейн өлген адамдардың әр дене мүшелерінен құрастырған денеге жан береді. Алайда өзі жасаған дүниесінің сиықсыздығын көрген дәрігер одан бас тартып, тағдыр талқысына тастайды. Жалғызбасты, жантүршігерлік түрі бар, баладай аңқау пенде қоршаған ортадан сенім мен сүйіспеншілік күтеді, алайда тек қатігездік пен жеккөрушілдікті ғана көреді. Өмірден әбден түңілген ол өз жаратушысын тауып, аяусыз кек алуға уәде береді. Алайда доктор да, оның туындысы да жалғыздықты сезінеді.
Театрлық кино маусымы – бұл елеулі оқиға, міндетті түрде барыңыздар..
Зульфия ИСКАЛИЕВА