Атырау, 16 қаңтар 21:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Көлік мінген нашақорлар

3 070 просмотра

Жыл басынан бері Атырау облысында жол-көлік оқиғасының нәтижесінде 81 адам қаза тапты. Жол қозғалысы ережесін бұзу фактілері бойынша 92 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы брифингте облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Рамазан КАМЕЛ хабарлады.

Бірнеше апат есірткі әсерінде болған жүргізушілердің кінәсінен орын алды. 4 тамызда «Тойота» жүргізушісі есірткіден масайған күйде облыс орталығындағы Құрманғалиев көшесінің бойымен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Опельге» соқтығысқан. Нәтижесінде «Опель» жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Апат болған кезде марқұмның көлігінің ішінде оның үш жасар қызы болған. Бағына қарай, қыз тірі қалды. Қазіргі кезде «Тойота» жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.