Жақында журналдың тілшісіне Кувбатаке Сандзюро деген лақап атты жамылған біреу жолыққан. Ол желіде төрт айдан бері Assassination Market («Өлтіру нарығы») деген атпен жаңа ресурстың жұмыс істеп жатқандығын жеткізген. Бұл сайтқа тек Tor анонимді желісі арқылы тіркелуге болады.
Кез келген адам кез келген деңгейдегі саяси тұлғаның «жанын жаһаннамға жіберем" десе, өз еркі, тек ақшасын төлесе болғаны. Ал ақшаны анонимді электронды криптовалюта - биткоиндер арқылы төлеуге болады.
Бұл «қара тізімде» АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің жетекшісі Кит Александер, АҚШ президенті Барак Обама және таяуда өз қызметінен кеткелі жатқан ФРЖ басшысы Бен Бернанкенің есімдері де бар. Соңғы аталған шенеунікке қастандық ойлаушылар көп екен. Оның басын 75 мың долларға бағалапты.
Дереккөз: ҚазАқпарат