Атырау, 29 қыркүйек 00:25
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Атыраудағы бизнес-форум

1 928 просмотра

21-22 қарашада «Атырау» мәдени-ойын сауық орталығында облыстық әкімдік, «Атырау» ӘКК жанындағы инвесторларға қызмет көрсету орталығы және облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырумен І халықаралық Atyrau Invest 2013 бизнес форумы өтеді.

Форумға «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі қолдау көрсетеді. Оған вице-премьер - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет ИСЕКЕШОВ, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен холдингтердің, ірі халықаралық компаниялардың өкілдері – барлығы 30 елден 400-ден астам адам қатысады.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бизнес-форумда компания басшылары, жеке инвесторлар мен мемлекеттік сектордың өкілдері экономикалық даму мәселелерін, сонымен қатар өңірде бизнес жүргізу келешегін талқыға сала алады. Қазақстандық қамтуды дамытуға, Кедендік Одақ аясында бірлесе жұмыс істеуге, «жасыл экономикаға», жаңа инвестициялық жобаларға назар аударылатын болады. Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы Атырау өңіріне қызығушылық білдіретін бизнесмендерді ықтимал инвесторларға өз жобаларын таныстыру мүмкіндігін пайдалану үшін форумға қатысуға шақырады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 қараша 2013, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.