Сауд Арабиясы 2 аптада 60 мың мигрантты елден шығарды
1 515 просмотра
Сауд Арабиясы билігі екі аптаның ішінде елде заңсыз жүрген 60 мыңдай еңбек мигрантын елден шығарды. Бұл туралы елдің ІІМ ханзада Мұхаммед бен Наиф мәлімдеді, деп жазады ВВС Орыс қызметі.
Оның сөзіне қарағанда, «нелегалдарға қарсы кампания әлі де жалғасады және оның уақыты шектелмеген».
Бұған дейін табыс табу үшін Сауд Арабиясына келген шетелдіктерге 3 қарашаға дейін құжаттарын рәсімдеп, елден кету керектігі ескертілген.
Бұл шара елдегі шетелдік жұмыс күшін азайтып, жас мамандарға жұмыс орнын ұсыну бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.