АҚШ-тың FCKH8.co компаниясы "Миша және оның аналары Олимпиадаға барады" деген тақырыппен 10 мың дана кітап басып шығарды. Онда Сочи қаласында тұратын гомосексуалдардың отбасы жайында жазылған. Компания өкілдері Сочидегі қысқы Олимпиада кезінде осынау жинақты орыстың балаларына тегін таратуды көздеп отыр деп жазады Titus.kz.
Компания негізін қалаушысы Люк Монтгомеридің хабарлауынша, аталған идеяның авторы Ресейдің шенеуніктері екен. Бірақ, олардың нақты аты-жөндері айтылмайды. Тіпті, биліктегі бұл азаматтар гомомсексуализмге қарсы күресті насихаттайтын көптеген тауарларды сатылымнан алдыртып та тастаған көрінеді.
"Мұндағы басты мақсат - ресейлік балаларға қызтеке болудың жаман еместігін түсіндіру. Гомосексуал болған адамдарды соққыға жығу немесе қамап тастау дұрыс емес Бұл адамның құқығын таптау болып саналады" дейді Монтгомери Queer.de сайтына берген сұхбатына.
Дереккөз: baq.kz